Алматы. 11 қыркүйек. Barbang Info – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Түйетас ауылындағы Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Шараға орыс тілі пәнінің мұғалімі Маханбет Флид ұйытқы болды. Кешке мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Рысалиева, тілдер орталығының төрағасы А. Адасбекова, Ақжар ауылының мектебінің директоры М. Махмудов, ата-аналар комитетінің төрағасы Н. Халитов және ауылдың белсенді азаматтары мен ұстаздар қатысты. Әдеби іс-шара барысында жас ұрпақтың бойына мемлекеттік тілді құрметтеу, туған жерге сүйіспеншілік сезімін сіңіру, сондай-ақ ұлтаралық татулық пен достықтың мәнін дәріптеу мақсат етілді. Оқушылар қазақ, орыс және өзге тілдерде өлең оқып, сахналық қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар мерекелік кешке жергілікті күрд фольклорлық ансамблі қатысып, халықтық ән-билерін орындады. Бұл өнер көрсетілімдері кештің мазмұнын байытып, көпұлтты ауылдың рухани бірлігін айқындай түсті.
«Тіл – ұлттың дәнекері»: Түйетас ауылында Тілдер мерекесіне арналған әдеби кеш өтті
Автор
Асан Джалилов
Автор:
Асан Джалилов
5