Қазақстанда қоғамдық келісім мен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған заңнамалық талаптар күшейтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және Тәртіп» қағидатын практикалық тұрғыда іске асыру аясында бірқатар маңызды заңдарға қол қойды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, қабылданған өзгерістер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамға қауіп төндіретін контенттің таралуын шектеуге бағытталған. Осы мақсатта …
жаңалықтар
Кімге көмек, кімге жоқ? Қарағанды мен Шымкентте отбасылар жаңа жүйе арқылы бағаланып жатыр
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әлеуметтік жағдайын анықтаудың жаңа цифрлық тетігі сыналып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, арнайы скорингтік модель арқылы 27 мыңнан астам адамға қосымша мемлекеттік қолдау көрсетілген. Пилоттық жоба аясында отбасылардың әл-ауқаты автоматтандырылған жүйе арқылы бағаланып, мемлекеттік көмектің нақты қажеттілігі айқындалады. Қазіргі таңда бұл …
Қазақстанда 20 жасқа толмаған азаматтардың микрозайм алуын шектейтін жаңа құжат әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенат депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, жақын уақытта №215 қаулыға өзгеріс енгізіліп, 21 жасқа толмаған қарыз алушылардың табысын тек ресми құжаттар арқылы растау талабы енгізіледі. …
Қазақстандағы банк жүйесі тұрақты жағдайда, ал салымшылар үшін жүйелі қауіп жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде банктердің өтімді капиталы жеткілікті, ал қадағалау жүйесі ықтимал тәуекелдердің алдын алуға бағытталған. Агенттік жыл сайын банктердің активтер сапасын бағалап, несие портфельдерін …
Қаңтардан бастап нарықта жаңа бақылау басталады: қандай азық-түлік бағасы шектеледі?
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда бірқатар азық-түлік тауарларының бағасына мемлекеттік бақылау енгізіледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін кеңейтуге қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 өнім болса, ол уақытша түрде 33 атауға дейін …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елордадағы көлік инфрақұрылымының жай-күйіне ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, қалада сапалы әрі қолайлы көлік жүйесін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қабылданған Астананың көлік жүйесін 2035 жылға дейін дамытуға арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әрі толық іске асырудың маңызын атап өтті. …
2026 жылдан бастап Қазақстанда микро және шағын бизнеске салық салу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Жаңа өзгерістер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қолданылатын шектерді арттыруды көздейді. Бұған дейін кәсіпкерлерден салық берешегі шамамен 6 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 26 мың теңгеден бастап өндіріліп келген. …
Президент: «Бәйтерек» холдингі экономиканың нақты секторын қолдауды күшейтуі тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесу барысында холдингтің биылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттері талқыланды. Президентке холдингті трансформациялау, сондай-ақ экономиканың стратегиялық бағыттарын қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, 2025 жылы «Бәйтерек» ел экономикасына жалпы көлемі 9 триллион …
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Грузиядан автокөлік импорттайтын ірі елдердің біріне айналды. Грузияның Ұлттық статистика қызметінің мәліметіне сәйкес, осы кезеңде Қазақстанға 41,6 мың жеңіл автомобиль қайта экспортталған. Көліктердің жалпы құны 735 млн АҚШ долларын құрады. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға жоғары. Қазақстанға …
Жапония билігі әлемдегі ең ірі атом электр станциясын қайта іске қосу жөніндегі шешімді түбегейлі бекітті. Ниигата префектурасының заң шығарушы органы аймақтық дауыс беру нәтижесінде Касивадзаки–Карива атом электр станциясын қайта іске қосуды қолдаған губернатор Хидэе Ханадзумидің саясатын мақұлдады. Бұл шешім елдің энергетикалық стратегиясында маңызды бетбұрыс ретінде бағаланып отыр. Жапонияның солтүстік-батысында, Токиодан …