2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласында негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Ішкі туризм де, шетелдік туристер ағыны да артып, саланың экономикалық көрсеткіштері жақсарған. Ел ішінде саяхаттаушылар саны айтарлықтай көбейді. Орналастыру орындарында қызмет алған ішкі туристер саны 10,1 млн адамға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн-ға артқан. Сонымен …
жаңалықтар
Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықтың нақты табысы индексі 98,9% деңгейінде қалыптасты. Бұл көрсеткіш табыстың номиналды түрде артқанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты өсімнің теріс мәнде болғанын білдіреді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табыс 238 мың теңгеден асқан. Номиналды өсім 10,2% болғанымен, инфляция әсерінен нақты табыс 1,1%-ға …
2 сәуірде әлем бойынша Халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Бұл күн жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және олардың рухани дамуына ерекше назар аударуға бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда 3889 көпшілікке қолжетімді кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде 272-сі балаларға арналған. Бұл кітапханалардың жалпы қоры 7 миллионнан астам дананы құрайды, …
Қытайда алғаш рет барбекю дайындау мен мейрамхана бизнесін үйрететін арнайы оқу бағдарламасы іске қосылды. Жоба Хунань провинциясының Юэян қаласында жүзеге асырылып жатыр. Оқу Yueyang Open University базасында жергілікті барбекю қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған. Бұл қала Қытайдағы барбекю орталығы ретінде танымал: мұнда 2 мыңнан астам мекеме жұмыс істейді, ал сала жалпы ел …
Қазақстанның Ұлттық қоры 2025 жыл ішінде бірнеше рет төмендеп, қайта өсім көрсеткен. Бұл туралы Ұлттық банктің монетарлық шолуында айтылды. Жыл басында қор активтері азая бастады: 2024 жылдың соңында 30,9 трлн теңге болса, наурыз айында 29,2 трлн теңгеге дейін төмендеген. Осылайша алғашқы үш айда шамамен 1,7 трлн теңге қысқару байқалды. Алайда …
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістер қолға алынды. Негізгі мақсат — оқу бағдарламаларын еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкестендіру. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы аясында ел бойынша қажетті мамандықтар анықталған. Соның негізінде 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы қайта қаралып, шамамен …
Қазақстан Үкіметі 2026–2028 жылдарға арналған мәдени мұраны сақтау және халықаралық деңгейде насихаттау жоспарын бекітті. Құжат ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарымен бірлескен жұмыстарды қамтиды. Жоспардың маңызды бағыттарының бірі – ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясындағы деректі мұраларды ілгерілету. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан бірқатар құнды тарихи және мәдени нысандарды халықаралық тізімге ұсынды. Ұлттық академиялық …
Қазақстан құрамасы садақ атудан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы кезеңінде тағы да жүлделі орындарға ие болды. Ерлер арасындағы классикалық садақ ату сайысында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Финалдық бәсекеде Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов Үндістан құрамасын тартысты кездесуде 5:4 есебімен жеңді. …
Қазақстанда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру өңірлер арасында біркелкі бөлінбей отыр. Кейбір аймақтарда ғылымға айтарлықтай қаражат бөлінсе, басқа өңірлерде бұл көрсеткіш төмен деңгейде қалыптасқан. Мысалы, Маңғыстау облысы, Астана және Алматы қалалары ғылымды қаржыландыру бойынша көш бастап тұр. Ал Ұлытау мен Жетісу облыстарында бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі әлдеқайда аз. Бұл …
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев жақын арада мемлекеттік наградалар жүйесіне Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент өз сөзінде Конституцияда азаматтардың тарихи-мәдени мұраны сақтау және ескерткіштерге ұқыпты қарау міндеті нақты айқындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл талап Түркістан өңірі …