15
Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан қаласының орталығында америкалық рэпер Snoop Doggпен кездесті, деп хабарлайды barbang.info
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті жариялаған бейнежазбада қазақстандық спортшы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін көрсетеді. Өз кезегінде Snoop Dogg би қимылын жасап, Шайдоров оны қайталайды. Кейін екеуі құшақтасып, жылы жүздесті.
Бұл сәт желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, спорт пен шоу-бизнес өкілдерінің бейресми кездесуі ретінде ерекше назар аудартты.