Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Барбанг» күрділер қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жиын өтті. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі нормалары талқыланды.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктің мүшелері, қоғам белсенділері және жастар өкілдері қатысып, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұны мен оның ел дамуы үшін маңызы жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар жаңа Ата заң жобасының қоғамдағы саяси, құқықтық және әлеуметтік үдерістерге ықпалы туралы ойларын ортаға салды.
Жиынды «Барбанг» күрділер қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Исмат Сулейманов жүргізді. Ол өз сөзінде Конституция – мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі екенін атап өтіп, ұсынылып отырған өзгерістер елдің одан әрі дамуына жаңа серпін беретінін айтты. Сондай-ақ азаматтарды қоғамдық талқылауға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамауға шақырды.
Жиын барысында қалалық күрді этномәдени бірлестігінің мүшесі Бадир Юсупов баяндама жасап, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Сонымен қатар ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық өкілдігінің мүшесі, қалалық күрді этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы Рызгоали Сулейманов сөз сөйлеп, жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Ол жаңа Конституция жобасы ел жастарына жаңа мүмкіндіктер ашып, азаматтық жауапкершілікті күшейтуге ықпал ететінін айтты.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, Конституция жобасының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер жөнінде ой бөлісті.