Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салынады

Автор Асан Джалилов
50 просмотры

Алдағы үш жылда елімізде жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын ірі жол жобалары жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 4,6 трлн теңге қаржы қарастырылған.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жоспарланған жобалар елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикаға нақты серпін береді. Құрылысқа бөлінетін қаражаттың мультипликативтік әсері байқалып, оған ілеспе салалардың дамуына да ықпал етеді.

Жол құрылысына қажетті материалдар мен қызметтердің шамамен 90 пайызы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл ішкі нарықты қолдап, өнеркәсіптің жандануына мүмкіндік береді.

Министрлік бекітілген үш жылдық жоспар аясында қажетті шешімдер қабылданып жатқанын атап өтті. Жобаларды іске асыру көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, халықаралық транзиттік бағыттарды кеңейтуге жол ашады.