Сайрамдағы Тілдер күні: этностардың достығы мен бірлігінің мерекесі

Автор Асан Джалилов

2025 жылғы 20 қыркүйекте Түркістан облысының Сайрам ауданында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясының Түркістан облыстық филиалы төрағасы А. Надировтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараны Г. Надирова жүргізді. Өз сөзінде ол Тілдер күнінің маңыздылығына тоқталып, мерекенің қоғамдық келісімді нығайтудағы және мәдениетаралық диалогты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. «Бұл мереке – барлық этностардың бірлігі мен үйлесімді дамуына бағытталған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясатын айқындайды. Тілдердің әралуандығы – мемлекетіміздің байлығы мен қуаты», – деді Г. Надирова. Бағдарлама барысында Сайрам ауданындағы Маяковский атындағы мектептің 11-сынып оқушылары өнер көрсетті. Олар әдеби және шығармашылық нөмірлерін ұсынып қана қоймай, жетекшісі Г. Надирова болып табылатын «Стрек» (курд тілінен аудармасы – «Жұлдыз») би ансамблінің құрамында ұлттық билерді орындады. Іс-шараға Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясының мүшелері — Р. Надиров, К. Надиров, М. Махмудов, Б. Амиров, сондай-ақ Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Е. Баетов қатысты. Құрметті қонақтар қатарында «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы М. Есалиев, Сайрам ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшелері А. Байназаров пен Ш. Асанов және өзге де қоғам қайраткерлері болды. Бұл мереке этномәдени бірлестіктердің еліміздегі этносаралық келісім саясатын жүзеге асыруға белсене қатысып жатқанын көрсетті. Сондай-ақ мәдени әралуандылықты дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосылған елеулі үлестің жарқын айғағы болды.

Комментарии