АҚШ астанасы Вашингтонда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде білім алып жүрген және сонда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарымен жүздесті. Кездесу барысында Президент жас буынға артылар сенім жоғары екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы жастардың білім мен біліктілікке ұмтылысы ел дамуының негізгі қозғаушы күшінің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, мемлекет жас азаматтардың кәсіби қалыптасуына, қабілетін жетілдіруге және заманауи білім алуға жан-жақты жағдай жасап келеді. Қолдау шаралары олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған.
Президент шетелде білім алып жүрген қазақстандықтардың халықаралық тәжірибе мен жаңа білім игеруі маңызды екенін атап өтіп, алған тәжірибені ел игілігіне жұмсауға шақырды. Оның айтуынша, білікті және белсенді жастар Қазақстанның тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқарады.
Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы ел болашағы жастардың қолында екенін тағы бір мәрте атап көрсетті.