Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық қатынастар кафедрасында «Қазақстан – біртұтас Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ студенттік жастар қатысты.
Студенттер талқылауға белсенді араласып, дөңгелек үстел спикерлеріне, оның ішінде заңгерлерге, саясаттанушыларға және Ассамблея өкілдеріне өз сұрақтарын қойды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар конституциялық реформаларды қолдайтындарын білдіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясына қолдау көрсетті.