Halyk Bank инвестициялық рейтингін растады

Автор Бакыт Кулманов

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Halyk Bank-тің ұзақмерзімді рейтингін шетелдік және ұлттық валютада BBB-деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады.

Агенттік банктың Қазақстандағы жоғары нарықтық үлесі, тұрақты табыстылығы, жеткілікті капитал деңгейі және сенімді өтімділік көрсеткіштері рейтингті қолдайтын негізгі факторлар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Halyk Bank-тің бизнес-моделі сенімді, корпоративтік және бөлшек сегменттегі позициялары мықты, ал кредиттік портфелі теңгерімді деп бағаланды.

Fitch сарапшылары банк активтерінің сапасы соңғы бес жылда едәуір жақсарғанын және несие көрсеткіштері орта мерзімді перспективада да тұрақты қалатынын айтты. 2025–2026 жылдары банк жоғары маржа, тиімді операциялық қызмет және төмен тәуекел шығындарының арқасында табыстылығын сақтап қалады деген болжам бар.

Банк мәлімдемесінде агенттік берген баға Halyk-тің тұрақтылығын және сыртқы сын-қатерлерге бейімділігін көрсететінін атап өтті.

Комментарии