ЭКО деген не және оған қалай қатысуға болады?

Автор Бакыт Кулманов

Соңғы бес жылда Алматыда ЭКО арқылы 13 мыңнан астам сәби дүниеге келді, оның ішінде 5 мыңнан астамы – МӘМС есебінен. 2025 жылы бағдарламаға 2,2 млрд теңге бөлініп отыр.

ЭКО-ға қалай қатысуға болады?

  1. Өз емханаңызға жүгініңіз.
  2. Тексерістен өтіп, «бедеулік» диагнозын растаңыз.
  3. 12 ай ішінде құжаттарыңыз ЖТМҚ комиссиясына жолданады.
  4. Комиссия оң шешім қабылдаса – жолдама аласыз және клиниканы өзіңіз таңдайсыз.

Алматыдағы ЭКО жасайтын клиникалар

  • «Persona» халықаралық орталығы
  • «Нурай» ЭКО клиникасы
  • «ЭКОМЕД» фирмасы
  • «ЭКО орталығы»
  • «Репродуктивті медицина институты»
  • «Private clinic almaty»
  • Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы

Кімдер қатыса алады?

  • Репродуктивті жастағы әйелдер (АМГ ≥ 1 нг/мл).
  • Денсаулығы жалпы қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс.
  • Рәсім ресми некедегі де, некесіз жұптарға да қолжетімді (екі жақтың келісімі қажет).

Комментарии