15 наурыз 2026 жылы Қазақстанда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтті. Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, елдің барлық өңірінде және шетелдегі қазақстандықтар үшін ашылған учаскелерде ұйымдастырылды. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны 12,4 миллионнан асты, ал республика бойынша 10 мыңнан астам референдум учаскесі …
Саясат
Қазақстанда өткен жылы тұрғын үй құрылысы рекордтық деңгейге жетті. Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, өткен жылға арналған жоспар 19,2 млн шаршы метр болған. Алайда құрылыс қарқынының жоғары болуына байланысты бұл көрсеткіш асыра орындалды. …
Алдағы үш жылда елімізде жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын ірі жол жобалары жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 4,6 трлн теңге қаржы қарастырылған. Көлік министрлігінің мәліметінше, жоспарланған жобалар елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикаға нақты серпін береді. Құрылысқа бөлінетін қаражаттың мультипликативтік әсері байқалып, оған ілеспе салалардың дамуына да ықпал етеді. Жол құрылысына …
Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі бойынша әлемдік нарықта 8-орынға көтерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, нәтижеге қайта өңдеу саласын дамыту мен өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстар ықпал еткен. Соңғы жылдары май өңдеу зауыттарын жаңғыртуға және жаңа жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылып …
Қазақстанда әкелердің бала күтіміне байланысты алған демалысы зейнетақы тағайындау барысында еңбек өтіліне есептелетін болады. Бұл туралы 4 ақпанда Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа норма әлеуметтік саясаттағы өзгерістердің бір бөлігі ретінде енгізіліп отыр. Қабылданған заңға сәйкес, кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелер үшін жасына байланысты …
Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар енгізіліп, онлайн қауіпсіздік күшейтіледі
Қазақстанда балаларды интернеттегі зиянды әрі заңға қайшы контенттен қорғауға бағытталған жаңа тетіктер әзірленіп жатыр. Үкімет деңгейінде талқыланып жатқан бастамалардың бірі — балаларға арналған арнайы SIM-карталарды енгізу. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірнеше …
Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы: Президент ел дамуының жаңа басымдықтарын және саяси жаңғыру бағытын айқындады
Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық бірегейлік, қоғамдық тәртіп, білім мен мәдениет мәселелерімен қатар, саяси жаңғырудың келесі кезеңіне қатысты маңызды бағыттарды атап өтті. Президент құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасу алаңына айналғанын айтып, осы уақыт ішінде құрылтайда көтерілген ұсыныстардың негізінде көптеген заң …
2025 жылы Қазақстанда спутниктік интернет қызметін ұсынатын тағы екі шетелдік оператор жұмысын бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Жаңа жобалар елдегі интернетке қолжетімділікті арттыруға, әсіресе шалғай және жетуі қиын аумақтарды қамтуға бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда үш спутниктік интернет операторы …
Қазақстанда педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға тыйым салатын заң күшіне енді. Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қабылданған заң архив ісін жетілдірумен қатар, құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ қоғам сұранысына жауап …