2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақылардың, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 10 пайызға ұлғайтылды. Бұл шешім Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сай қабылданып, азаматтардың сатып алу қабілетін сақтауға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру саясаты жалғасуда. 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде …
Экономика
Қазақстан аспаны кеңейеді: 2026 жылы жаңа әуежайлар мен халықаралық рейстер ашылады
2026 жылы Қазақстанда азаматтық авиация саласында ауқымды өзгерістер күтіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет елдің авиациялық хабтарын дамыту мен транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастырады. ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, алдағы жылы ірі әуежайларда инфрақұрылымды жаңғырту жобалары іске қосылады. Атап айтқанда, Астана мен Шымкент қалаларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы …
Жаңа жылдан бастап табыс өседі: зейнетақы мен жәрдемақыға қандай өзгеріс келеді?
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 10 пайызға артады. Бұл норма 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өсім Ұлттық банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. Нәтижесінде базалық және ынтымақты зейнетақылар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер …
Қазақстанда 20 жасқа толмаған азаматтардың микрозайм алуын шектейтін жаңа құжат әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенат депутатының сауалына берген жауабында мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, жақын уақытта №215 қаулыға өзгеріс енгізіліп, 21 жасқа толмаған қарыз алушылардың табысын тек ресми құжаттар арқылы растау талабы енгізіледі. …
Қазақстандағы банк жүйесі тұрақты жағдайда, ал салымшылар үшін жүйелі қауіп жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде банктердің өтімді капиталы жеткілікті, ал қадағалау жүйесі ықтимал тәуекелдердің алдын алуға бағытталған. Агенттік жыл сайын банктердің активтер сапасын бағалап, несие портфельдерін …
2026 жылдан бастап Қазақстанда микро және шағын бизнеске салық салу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Жаңа өзгерістер салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қолданылатын шектерді арттыруды көздейді. Бұған дейін кәсіпкерлерден салық берешегі шамамен 6 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 26 мың теңгеден бастап өндіріліп келген. …
Президент: «Бәйтерек» холдингі экономиканың нақты секторын қолдауды күшейтуі тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесу барысында холдингтің биылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттері талқыланды. Президентке холдингті трансформациялау, сондай-ақ экономиканың стратегиялық бағыттарын қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, 2025 жылы «Бәйтерек» ел экономикасына жалпы көлемі 9 триллион …
Қазақстан биыл Орталық Азия мемлекеттеріне астық экспортын едәуір ұлғайтты. Көлік министрлігінде «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚТЖ» ұлттық компаниясы өкілдерінің қатысуымен өткен жедел кеңесте астық тасымалының қазіргі ахуалы мен өткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы 11 айында аймақ елдеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 миллион тоннаны құрап, өткен …
Жаңа жыл алдында әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтіледі, бағаны бақылау күшейеді
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыруға арналған кеңес өтіп, онда азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында қараша айында атқарылған шаралар және желтоқсанға жоспарланған жұмыстар талқыланды. Министрліктің мәліметінше, қарашаның алғашқы үш аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0 пайыздық өсім көрсеткен. Алайда желтоқсан айында дәстүрлі түрде …
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте мемлекеттік органдарды бір-біріне қарсы қоюға болмайтынын атап өтіп, Парламент пен Үкіметтің бюджет-салық реформаларын бірлесіп жүзеге асырып жатқанын айтты. Ол Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалуы барлық мемлекеттік құрылымның үйлесімді жұмысына байланысты екенін жеткізді. Сенат басшысы парафискалдық төлемдерге қатысты пікіріне орай қойылған сұрақтарға …