Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Автор Асан Джалилов
10 просмотры

Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге қатысты.

Кеңес отырысында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекеттер көшбасшылары 2025 жылғы жұмыстың негізгі бағыттарын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды белгіледі.

Кеңейтілген форматтағы талқылаулар ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, қауіп-қатерлерге бірлескен жауапты күшейтуге және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

Отырыс қорытындысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сонымен қатар мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Комментарии