Қалалар туралы жаңа деректер жарияланды

Автор Асан Джалилов
74 просмотры

Қазақстанда жалпы саны 90 елді мекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 3 қала республикалық маңызы бар санатқа жатса, 39 қала облыстық маңызы бар, ал 48 қала аудандық маңызы бар қалалар қатарында.

Өңірлік көрсеткіштер бойынша қалалардың ең көбі Ақмола облысында орналасқан – мұнда 11 қала тіркелген. Сонымен қатар Ақтөбе және Қарағанды облыстарында әрқайсысында 8 қаладан бар.