Қазақстанда азық-түлік қымбаттай ма?

Автор Бакыт Кулманов
34 просмотры

Ресей – Қазақстан нарығына азық-түлік жеткізетін негізгі елдердің бірі. Сондықтан көрші елдегі баға өсімі біздің сөрелерге де әсер етпей қоймайды. 2026 жылдың қаңтарында Ресейде тұтыну бағалары 1,26%-ға өсті.

Сарапшылардың айтуынша, негізгі себеп – 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) 20%-дан 22%-ға көтерілуі. Бұл өзгеріс азық-түлік бағасына тікелей ықпал етті. Жылдық инфляция сәл баяулағанымен (5,93%-дан 5,87%-ға), баға өсімі тоқтаған жоқ.

Қазақстан үшін маңыздысы – бұл динамика импорт бағасына қалай ықпал етеді. Ресейден ет, құс еті, сүт өнімдері, ірімшік, жұмыртқа, шұжық өнімдері, қант және кондитерлік тауарлар кең көлемде жеткізіледі. Салық реформасы мен жеткізу тізбегіндегі қосымша шығындар салдарынан ресейлік жеткізушілер жаңа бағаларды қазақстандық серіктестеріне ұсынып үлгерген.

Яғни қаңтардағы баға өсімі Ресеймен шектелмейді. Инфляцияның бір бөлігі сауда арналары арқылы Қазақстанға да «экспортталуы» ықтимал. Жақын күндері бұл өсім уақытша құбылыс па, әлде ұзаққа созылатын өсім бе оны уақыт көрсетеді.