Қазақстанда аты-жөнін ауыстырғандар саны артты

Автор Асан Джалилов
56 просмотры

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында 14 мыңнан астам қазақстандық тегі, аты немесе әкесінің атына өзгеріс енгізген. Бұл көрсеткіш кейінгі жылдары азаматтар арасында жеке деректерді жаңартуға деген сұраныстың артқанын байқатады.

Корпорация таратқан ақпаратқа сәйкес, аты-жөнін өзгерту бойынша алдыңғы қатарда тұрған аймақтар:

  1. Алматы қаласы – 2 981 адам
  2. Астана қаласы – 2 459 адам
  3. Қарағанды облысы – 849 адам
  4. Ақтөбе облысы – 741 адам
  5. Шығыс Қазақстан облысы – 673 адам

Аты-жөнді өзгерту қызметі халықтың тұрмыстық, әлеуметтік, отбасылық жағдайына немесе жеке қалауларына байланысты жиі жүгінетін рәсімдердің бірі болып отыр.

Комментарии