Қазақстанда алты әуежай жекешелендіруге дайындалуда

Автор Асан Джалилов
1 просмотры

Қазақстанда бірқатар әуежайларды жекешелендіру тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Ұлттық жекешелендіру кеңсесі алты әуежайды жеке секторға беру жоспарланып отырған нысандар қатарына қосты. Бұл қадам әуежай инфрақұрылымын жаңғырту және стратегиялық инвесторлар тарту мақсатында қолға алынуда.

Жекешелендіруге енгізілген әуежайлар қатарында Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қызылорда қалаларындағы әуе айлақтары бар.

Жоспарға сәйкес:

2026 жылы Қызылордадағы «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ сенімгерлік басқаруға беріледі;
2027 жылы Атыраудағы «Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай» АҚ және «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ жеке секторға тапсырылады;
• Сол жылы «Павлодар әуежайы» АҚ да жекешелендіру аясында жеке меншікке берілмек.

Ал Шымкент әуежайы мен Ақтөбедегі «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» бойынша нақты мерзім де, жекешелендіру тәсілі де әзірге белгіленбеген. Бұл нысандар бойынша шешім кейінірек қабылданады деп күтілуде.

Жекешелендіру бағдарламасы аясында әуежайлардың басқару тиімділігін арттыру, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету сапасын көтеру және жаңа инвестициялар тарту мақсаты көзделіп отыр.

Комментарии