Қазақстан азық-түлікпен толық қамтамасыз етілді

Автор Бакыт Кулманов

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында тамақ өнімдерін өндіру 10,1%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгеге жеткен.

Дәнді дақылдардың мол өнімі ішкі қажеттіліктен 6 есе артық болып, ұн мен нан өнімдері нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Сондай-ақ күріш пен қарақұмыққа сұраныс толық өтелген.

Мал шаруашылығы саласында да маңызды нәтижелерге қол жеткізілді: ел халқы сиыр, қой, жылқы етімен, сондай-ақ сүт өнімдері мен жұмыртқамен 100% қамтылған.

Айдарбек Сапаров маусымаралық кезеңде нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау үшін әкімдіктерге сауда желілері және көтерме сатушылармен келісімшарттарды қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Бұл мақсатқа өңірлерде ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру үшін 100 млрд теңге бөлінді.

Комментарии