Алматы. 10 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға клуб мүшелері, этноБАҚ өкілдері және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Қатысушылар қатарында Қазақстан күрдтерінің Республикалық «Барбанг» ассоциациясының әйелдер кеңесі мен аналар кеңесінің төрайымы Джамиля Сүлейманқызы Бабаева, сондай-ақ Ассоциация төрағасының орынбасары Мурад Фуриддинұлы Шамилов болды. Бұдан бөлек, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің өкілдері, журналистер, медиа сарапшылар мен блогерлер де қатысып, пікір алмасты. Кездесуді ашқан Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті. Сондай-ақ бас редакторлар клубының төрайымы, Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай этноБАҚ-тың дамуы мен контент сапасын арттыру жолындағы тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. Бағдарлама аясында қатысушыларға бірқатар оқыту тренингтері өткізілді ( «Этносаяси терминологияны қолдану», «Антикризистік коммуникациялар», «Жаңа медианың этножурналистикадағы рөлі» тақырыптарында ). Сонымен қатар, делегаттар М. Барманқұлов атындағы телестудияны және ҚазҰУ мұражайын аралады. Кездесу соңында Ассамблея журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
ҚазҰУ-де Ассамблеяның 30 жылдығына арналған журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Автор
Асан Джалилов
Автор:
Асан Джалилов 8 просмотры
8