Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық бизнес көшбасшыларымен кездесті

Автор Бакыт Кулманов

Қазақстан Президенті Нью-Йоркте АҚШ-тың жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен келіссөздер өткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларкпен екіжақты тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ExxonMobil корпорациясының төрағасы Даррен Вудспен кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласындағы серіктестік жоғары бағаланды.

Сондай-ақ Президент Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен жүк тасымалы саласындағы жобаларды, ал Citigroup компаниясының басшысы Джейн Фрейзермен Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жайын сөз етті.

Комментарии