Қаржы министрлігі ауыл шаруашылығын қолдау жүйесін түбегейлі қайта қарауды ұсынды

Автор Асан Джалилов
10 просмотры

Алматы. 7 қазан 2025 жыл. Barbang Info – Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Тақиев агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) мемлекеттік қолдау жүйесін түбегейлі қайта қарау қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді. «Мемлекеттік қолдау нақты өндірілген өнімге ғана берілуі тиіс деп есептейміз. Осы бағытта субсидиялау және несие беру жүйесін қайта қарау орынды», – деді министр. Тақиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалу деректері анықталған. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша шамамен 2 мың қарыз алушы жалпы көлемі 13 млрд теңгеден асатын несиені ауыл шаруашылығына қатысы жоқ мақсаттарға пайдаланған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында 2 млрд теңгеге мал мен қажетті жабдық сатып алу көзделген инвестициялық жобалар да орындалмаған. Министрдің айтуынша, бұл жағдайлар мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және тиімді бақылау жүйесін енгізу қажеттігін көрсетеді. Қаржы министрлігі ендігі жерде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар мен несиелерді нақты өндіріс көлеміне және нәтижеге байланысты бөлу механизмін енгізуді ұсынуда.

Комментарии