4
Алматыда фермерлер бір күннің ішінде 130 тоннадан астам алма сатты. Жәрмеңкеге 50 шаруашылық қатысып, әйгілі апорт алмасы мен сирек буданды жемістерін ұсынды.
Фестивальге 120 мыңнан астам қонақ жиналып, үш үлкен сахна мен бірнеше шағын алаңда концерттер, театрландырылған қойылымдар және шеберлік дәрістері өткізілді.
Қолөнер аймағында 58 шебер өз бұйымдарын ұсынып, арт-аймақта 30-дан аса суретші туындыларын көпшілікке көрсетті. Қонақтарға арнап тамақтану аймақтары мен санитарлық бекеттер ұйымдастырылды.
Alma Fest 2025 Алматының мәдениеті мен аграрлық саласын ұштастыратын ірі қалалық жәрмеңке екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.