Алғыс айту күні – бірлік пен берекенің жарқын мерекесі

Автор Асан Джалилов
84 просмотры

Қадірлі отандастар!

Алғыс айту күні құтты болсын! Халық даналығында «Алғыс бар жерде – береке бар» делінген. Ендеше жүрегіміздегі шынайы ризашылық сезімін бір-бірімізге арнап, татулық пен сыйластықты одан әрі нығайтайық.

Адамзат өркениетінің көптеген кезеңдерінде түрлі сынақтар мен күрделі тарихи үдерістер орын алғаны белгілі. Осындай кезеңдерде қазақ жері жоғары мәдениет пен парасаттылықтың, кеңпейілділік пен адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Бұл – Қазақстанның ежелден руханият пен мәдениеттің ордасы болғанының айқын дәлелі.

Баға жетпес осы тарихи-рухани мұраны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап келе жатқан Қазақстан халқына ерекше алғысымды білдіремін. Бірлік пен өзара құрмет – мемлекетіміздің басты құндылықтары әрі тұрақты дамудың берік негізі.

Әрқайсыңыз өмірдің жаңа белестерін абыроймен бағындырып, жетістіктеріңіз еселене берсін. Күндеріміз үміт пен сенімге толы болып, жарқын болашаққа бастасын. Жаңарған Қазақстанның әрбір жетістігі ел игілігін арттырып, ынтымағымызды нығайта түссін.

Осы күнге аман-есен жеткізген Алла Тағалаға мың да бір шүкір!

Анвар Надиров Алматы қаласы бойынша Қазақстан күрдтері «Барбанг» қауымдастығы филиалының төрағасы