2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 19,5 трлн теңгені құраған еді. Инвестициялық белсенділіктің өсуі экономиканың бірнеше негізгі саласында байқалды. Әсіресе қаржы және сақтандыру секторында айтарлықтай өсім тіркеліп, инвестиция көлемі …
жаңалықтар
Қазақстанда білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша жаңа бастама қолға алынды. Оқу-ағарту министрлігі ChatGPT Edu пилоттық жобасын іске асырып, оған мыңдаған педагогті тартуды жоспарлап отыр. Жоба аясында 2026 жылы еліміз бойынша шамамен 200 мың мұғалім жасанды интеллект құралдарын пайдалану дағдыларын меңгереді. Бұл технологиялар педагогтердің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, оқу …
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша рейтингтің бірінші сатысында қалып отыр. Осылайша ол ұйымдағы чемпиондық мәртебесін сақтап қалды. Кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (12 нокаут) қазақстандық боксшы өз салмағында көш бастап тұр. Сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) мельдоний затына байланысты допинг сынамасы …
Алдағы үш жылда елімізде жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын ірі жол жобалары жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 4,6 трлн теңге қаржы қарастырылған. Көлік министрлігінің мәліметінше, жоспарланған жобалар елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикаға нақты серпін береді. Құрылысқа бөлінетін қаражаттың мультипликативтік әсері байқалып, оған ілеспе салалардың дамуына да ықпал етеді. Жол құрылысына …
Биыл Қазақстанда өнеркәсіп саласында ауқымды өндірістік серпін күтіледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы 200 жоба іске асырылып, шамамен 19,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Өткен жылы елде 190 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға берілген болатын. Ал биылғы жоспар аясында жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – бұл бағытта 186 …
Түркістан облысы Сайрам ауданында «Барбанг» күрд этномәдени орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдау шарасы өтті. Игі бастама аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қажетті көмектер көрсетілді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, акцияның басты мақсаты – тұрмысы төмен жандарға нақты қолдау білдіру ғана емес, қоғамда жанашырлық пен өзара жәрдем мәдениетін нығайту. Шара барысында азық-түлік пен …